Рус

Терроризмге қарсы қауіпсіздік


112 — Бірыңғай кезекші диспетчерлік қызмет

102 — Полиция

110 — Терроризмге қарсы қызмет «Жедел байланыс желісі»

103 — Жедел медициналық көмек

#ТерроризмгеҚарсыҚауіпсіздік #ТерроризмгеҚарсыІсҚимыл #Қауіпсіздік #ҚоғамдықҚауіпсіздік
ЖАРЫЛҒЫШ ҚҰРЫЛҒЫ АНЫҚТАЛҒАН КЕЗДЕГІ
ІС-ӘРЕКЕТТЕР

Күмәнді зат анықталған жағдайда бұл туралы бірден мектеп әкімшілігіне және құқық қорғау органдарына хабарлау қажет. Мұндай затқа жақындауға, ұстауға, ашуға немесе орнын ауыстыруға болмайды.

Күдікті заттың сыртқы келбеті оның шын мәніндегі мақсатын білдірмеуі мүмкін. Жарылғыш құрылғылар кейде қарапайым тұрмыстық бұйымдарға ұқсатып жасырылуы ықтимал. Мысалы, сөмке, пакет, қорап, түйіншек, ойыншық және басқа да күнделікті қолданылатын заттар түрінде болуы мүмкін.

Зат табылған орынды өзгеріссіз қалдырып, оның табылған уақытын есте сақтау керек. Сонымен қатар адамдарды қауіпті аймақтан мүмкіндігінше алыс әкетіп, қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажет.

Жедел-тергеу тобы келгенге дейін күдікті заттан қауіпсіз арақашықтықта болған дұрыс және оқиға бойынша қажетті мәлімет беруге дайын болу керек.

Егер жағдай талап етсе, сондай-ақ құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтердің нұсқауы бойынша білім беру ұйымының басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам эвакуация жоспарына сәйкес адамдарды көшіру туралы бұйрық беруі тиіс.

Мектеп әкімшілігі құқық қорғау органдарының, жедел медициналық жәрдем қызметінің, өрт сөндіру қызметінің және Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелері қызметкерлерінің күдікті зат табылған орынға кедергісіз жетуіне жағдай жасауы қажет.
ЭВАКУАЦИЯЛАУ КЕЗІНДЕГІ ІС-ҚИМЫЛДАР

Мектеп әкімшілігі эвакуацияның басталғаны туралы хабарлаған сәттен бастап сабырлылық танытып, оқушылар мен қызметкерлерді көшіру жоспарына сәйкес барлық әрекеттерді ретімен орындау қажет.

Өзіңізбен бірге жеке құжаттарды, ақша қаражатын және бағалы заттарды алып шығуды ұмытпаңыз. Сондай-ақ өздігінен қозғала алмайтын немесе көмекке мұқтаж адамдарға міндетті түрде жәрдем көрсету керек.

Егер кабинеттерде құнды құжаттар мен бағалы мүлік болса, олардың есіктерін жауып, құлыптап кету қажет. Бұл бөгде адамдардың кіруінің алдын алады.
Эвакуация кезінде үрейге, абыржуға және ретсіз қимылға жол бермеу керек.

Ғимараттан эвакуация жолдарының сызбасына сәйкес тәртіппен және ұйымдасқан түрде шығу қажет.
Босатылған үй-жайға тек жауапты тұлғалардың рұқсатынан кейін ғана қайта кіруге болады.

Естен шығармаңыз: көптеген адамның өмірі мен денсаулығы сіздің әрекетіңіздің қаншалықты нақты, дұрыс және жүйелі болуына байланысты.

КЕПІЛГЕ АЛЫНҒАН АДАМДАРДЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ ҰСТАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Адамдарды кепілге алу жағдайы туындаса, бұл туралы дереу құқық қорғау органдарына хабарлау қажет. Егер өзіңізді кепілге алу қаупі байқалса, мүмкіндігінше сол адамдардың арасына түспеуге тырысыңыз: қауіпті аумақтан тез арада алыстаңыз немесе жасырынатын қауіпсіз орын табыңыз.

Жасырынған жағдайда, қылмыскерлердің кетуін күтіп, мүмкіндік туған сәтте паналаған жерден шығыңыз. Бірақ бұл әрекетті тек өзіңізге қауіп төнбейтініне және шабуылдаушылардың назарына ілікпейтініңізге көзіңіз жеткенде ғана жасаңыз.

Қылмыскерлермен өз еркіңізбен сөйлесуге немесе келіссөз бастауға болмайды. Сонымен бірге құқық қорғау органдарының, ТЖМ қызметкерлерінің және жедел медициналық жәрдем көліктерінің нысанға еш кедергісіз кіруіне жағдай жасау қажет.

Арнайы бөлімшелер келгеннен кейін оларға қажетті мәліметтерді беруге көмектескен жөн. Егер жағдай талап етсе, әрі бұл адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтірмесе, қылмыскерлердің кейбір талаптарын орындауға болады. Алайда олармен сөзге келуге, дауласуға немесе қарсы әрекет жасауға болмайды.

Шабуылдаушылардың қару қолдануына немесе адам өліміне әкелуі мүмкін іс-әрекеттерге жол бермеуге тырысу керек. Егер олар тарапынан қорқыту, қорлау немесе қысым көрсету орын алса, олардың көзіне тік қарамай, сабыр сақтаған дұрыс.

Қандай да бір әрекет жасау қажет болса, мысалы отыру, тұру, су ішу немесе дәретханаға бару керек болса, міндетті түрде рұқсат сұраңыз. Егер жарақат алсаңыз, артық қимылдамай, мүмкіндігінше қозғалысты шектеуге тырысыңыз, өйткені бұл қан жоғалтуды азайтуға көмектеседі.

Ең бастысы — аман қалу екенін ұмытпаңыз. Сондықтан барынша мұқият болып, қылмыскерлердің түр-тұлғасын, киімін, сөйлеу мәнерін, есімдерін немесе лақап аттарын, ерекше белгілерін, мысалы тыртықтарын, татуировкаларын және мінез-құлқын есте сақтауға тырысыңыз.

Сондай-ақ сізді кепілге алғаны туралы хабар түскен сәттен бастап арнайы қызметтердің босату шараларын бастайтынын есте ұстаған жөн. Арнайы операция жүргізілген кезде олардың барлық талабын сөзсіз орындау қажет: жерге жатып, басыңызды қолыңызбен жауып, қозғалмай қалу керек. Ешбір жағдайда арнайы қызмет өкілдеріне қарай жүгірмеңіз және олардан қашпаңыз, өйткені олар сізді қылмыскер деп ойлап қалуы мүмкін. Мүмкіндік болса, есік пен терезе маңынан алыс болған дұрыс.

ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРДЫҢ МІНДЕТТЕРІ

МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ
  • Мектеп директорының әкімшілік-шаруашылық бөлігі жөніндегі орынбасарлары жабылуы және мөрленуі тиіс шатырлы, жертөле және қосалқы үй-жайларды, мектеп ғимаратынан қосалқы шығу жолдарын тәртіппен күтіп-ұстауы тиіс. Сондай-ақ мөрленген өрт крандары, өрт сөндіргіштер және электр қалқандары мөрбен басылып жабық болуы тиіс. Күн сайын осы объектілердің жай-күйін бақылауды жүзеге асыру керек. Мекеме аумағының қараңғы уақытта жарықтандырылуын қадағалау қажет.

  • Мектеп директорының тәрбие және оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары аптасына кемінде бір рет оқу үй-жайларының (сыныптардың, кабинеттердің, оқу шеберханаларының, мұражайдың, акт залының) жай-күйін тексерулері тиіс. Педагогтерге оқу үй-жайларының кілттерін беруді және сабақ аяқталғаннан кейін кілттердің тапсырылуын бақылау.
МЕКТЕП КҮЗЕТШІ
  • Кезекші күзетшіге:

  • — мекеме аумағына автокөлік құралдарын өткізу кезінде әкелінетін жүктердің тиісті құжаттары мен сипатын тексеру;

  • — құжаттарды тексеруге және келушілердің келу мақсаттарын анықтауға, тиісті жазбалар жасауға ерекше назар аударыңыз;

  • — мектеп ғимаратына білім алушылардың туыстары мен таныстарын кіргізуді шектеу (рұқсаттан кейін ғана өткізу);

  • — қызметкерлер мен білім алушылардың жұмысқа және сабаққа жаппай (жалпы) келуі және жұмыс пен сабақ аяқталғаннан кейін кетуі кезінде ғимараттың кіреберіс есіктерін кіру және шығу үшін бос ұстау. Тәуліктің қалған уақытында кіреберіс есіктер құлыптаулы күйде болуы және келген адамның қоңырауы бойынша күзетші ашуы тиіс;

  • — жұмыс күні аяқталғаннан кейін білім беру мекемесінің ішкі жайларын жүйелі түрде аралап, тексеріп, екі сағат сайын бөгде және күдікті заттарға назар аудара отырып, мекеме аумағын аралап шығыңыз;

  • — барлық анықталған бұзушылықтар туралы мекеме басшысына, кезекші әкімшіге және күзет кәсіпорнындағы өзінің тікелей бастықтарына дереу баяндасын.

  • Мектептің әрбір қызметкері мен білім алушысы мекемедегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты кемшіліктер мен бұзушылықтарды анықтаған кезде бұл туралы мектеп директорына немесе оның орынбасарына дереу хабарлауға міндетті.